Норм

Тазартуға арналған мұрын спрейі

Мұрын шырышты қабығын бір уақытта тазартуға, ылғалдандыруға және қалпына келтіруге арналған мұрын спрейі. Аква Марис® мұрын спрейі тыныс алғандағы шаң бөлшектерін, аллергендерді, вирустарды, бактериялар мен ластаушы заттарды кетіреді, мұрыннан жиналған бөліністерді кетіруді жеңілдетеді және мұрынның шырышты қабығын бір мезгілде ылғалдандырады және қалпына келтіреді.

Мұрынға арналған спрей, 50 мл

Мұрынға арналған спрей, 150 мл

Құрамы

Изотониялық теңіз суы

Минералды тұздар мен көптеген олигоэлементтердің арқасында теңіз суы мұрынның шырышты қабығына пайдалы әсер етеді. Жазда теңізге жақын жерде пайда болатын бұл табиғи әсерді жыл бойы жоғары сапалы өңделген табиғи Адриатика теңіз суымен сезінуге болады.

Қалыпты тыныс алу мұрын шырышты қабығының күйіне байланысты. Мұрынның шырышты қабатында шаң бөлшектерінің, аллергендердің, бактериялар мен вирустардың жиналуы оның табиғи қызметіне кедергі келтіреді. Суық тию, аллергия, тұмау және басқа да бірқатар жағдайлар секрецияның жоғарылауын, мұрын шырышты қабығының ісінуін және мұрын бөліністерінің жиналуын тудырады, бұл тыныс алуды одан әрі қиындатады.

Аква Марис® мұрын спрейі тыныс алғандағы шаң бөлшектерін, аллергендерді, вирустарды, бактериялар мен ластаушы заттарды кетіреді, мұрыннан жиналған бөліністерді кетіруді жеңілдетеді және мұрынның шырышты қабығын бір мезгілде ылғалдандырады және қалпына келтіреді.

Аква Марис® мұрын спрейі мұрын шырышты қабығының физиологиялық жағдайын өзгертпейді және балаларға, жүкті әйелдерге, емізетін аналарға және қарт адамдарға жарамды.

Аква Марис® мұрын спрейлері (50 мл және 150 мл) ластаушы заттарды тиімді кетіруді қамтамасыз ететін «клапаны бар қапшық» технологиясын пайдаланады.

Ересектер мен 1 жастан асқан балаларға күнделікті қолдануға жарамды.

Құрамында консерванттар мен қоспалар жоқ.