Плюс

D-пантенолмен (В5 провитаминімен) байытылған мұрынға арналған спрей

Аква Марис® Плюс спрейі – мұрын шырышты қабығының регенерациясына ықпал ететін теңіз суы мен В5 провитаминінің табиғи емдік қасиеттерінің үйлесімі.

Мұрынға арналған спрей, 30 мл

Құрамы

D-пантенолмен (В5 провитамині) байытылған изотониялық теңіз суы.

Адриатика теңіз суы мен В5 провитаминінің табиғи емдік қасиеттерінің үйлесуі мұрын шырышты қабығының қалпына келуіне ықпал етеді және әсіресе темекі шегушілерге, сондай-ақ мұрын шырышты қабығының зақымдануының басқа жағдайларында (мысалы, мұрынға арналған дәрілік заттарды жиі қолданғанда) ұсынылады

Жасушаларға енген кезде D-пантенол тері мен шырышты қабаттарға пайдалы әсер ететін пантотен қышқылына айналады, ал теңіз суы мұрыннан ластаушы заттарды кетіруге көмектеседі.

Аква Марис® Плюс мұрын спрейі келесі жағдайларда ұсынылады:

• суық тию, сенна безгегі және аллергия кезінде;
• атрофиялық және субатрофиялық риниттердi емдеу үшін
• мұрын шырышты қабығының зақымдануы немесе құрғауы кезінде (әсіресе егде жастағы адамдарда);
• кондиционері немесе орталық жылытуы бар бөлмелерде тұратын және жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ көп саяхаттайтындар үшін;
• жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының шамадан тыс кебуіне ұшыраған адамдар (темекі шегушілер, әншілер, кәсіби жүргізушілер және т.б.).

Аква Марис® Плюс спрейі жетілдірілген бүріккіштен жұмсақ тұманмен практикалық және ыңғайлы бүркуді қамтамасыз етеді.

Ересектер мен 1 жастан асқан балаларға күнделікті қолдануға жарамды.

Құрамында консерванттар мен қоспалар жоқ.