Эктоин

Аллергия симптомдарында қолданылатын табиғи мұрын спрейі

Аква Марис® Эктоин – аллергия симптомдарын жеңілдететін және мұрын шырышты қабығының регенерация процесін демейтін жаңа әсер ету механизмі бар мұрынға арналған табиғи спрей.

Мұрынға арналған спрей, 20 мл

Құрамы

100% табиғи компонент эктоин, теңіз тұзы және су

Аква Марис® Эктоин мұрын спрейінде қабынуға қарсы қасиеттері бар бірегей жасушадан қорғайтын молекула – эктоин бар. Эктоиннің 100% табиғи компоненті қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында өмір сүретін микроорганизмдерден (экстремофилдерден) алынады. Өздерін қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау үшін экстремофилдер эктоин шығарады.

Эктоин қуатты гидрофильді және цитопротекторлық қабілетке ие, жасушалар жарғақшаларын тұрақтандырады және оларды ортаның бүлдіргіш факторларынан зақымданудан қорғайды. Сутегілік байланыстың түзілуі есебінен эктонның әрбір молекуласы судың 4 молекуласын байланыстыруға қабілетті; осының арқасында мұрын шырышты қабығының беткейінде аллергендердің мұрын шырышты қабығының жасушаларымен жанасуына бөгет болатын қорғағыш гидрокешен түзіледі. Сонымен, аллергиялық реакцияның бұдан әрі дамуы бөгеледі және аллергиялық ринит көрінісінің айқындылығы төмендейді.Бұл орайда аллергендер қорғағыш гидрокешенде бекиді және шайғанда немесе сіңбірген кезде мұрын қуысынан толық шығарылуы мүмкін.

Аква Марис® Эктоин келесі жағдайларда ұсынылады:

  • аллергиялық ринитті симптоматикалық емдеу (қышу және мұрыннан су ағу, түшкіру және мұрын бітелуі сияқты аллергия белгілерін жеңілдетеді);
  • тозаң, үй шаңы немесе ауадағы басқа бөлшектердің әсерінен мұрын эпителийін қалыпты күйде ұстау және қорғау. Спрей аллергендердің тітіркенген шырышты қабыққа зиянды әсерін азайтады, сонымен қатар профилактикалық қолдануға жарамды.

Қолданудың әдеттегі кезеңі – аллергия маусымы, сондай-ақ маусымаралық кезеңде ауадағы қалқымалы бөлшектердің әсеріне дейін және одан кейін.

Аква Марис® ФорАллерджи мұрын спрейі шырышты қабықтың физиологиялық жағдайын демейтіндіктен және жүйелі әсер етпейтіндіктен, оны балаларға да, ересектерге де, тіпті ең сезімтал пациенттерге де зиянсыз қолдануға болады.

Аква Марис® Эктоин мұрын спрейі оңтайлы және жұмсақ бүркуді қамтамасыз етеді, мұрынға біркелкі таралады және жайсыздықты тудырмайды.

Ересектер мен 2 жастан асқан балаларға жарамды.

Құрамында консерванттар мен қоспалар жоқ.