Стронг тамаққа арналған

Тамаққа арналған спрей

Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға жарамды. Құрамында консерванттар мен химиялық қоспалар жоқ.

Тамаққа арналған спрей, 30ml

Құрамы

100% Адриат теңізі суының табиғи тұздары мен микроэлементтері бар гипертониялық стерильді ерітіндісі.

АКВА МАРИС® СТРОНГ теңіз суының гипертониялық стерильді ерітіндісі негізіндегі тамаққа арналған спрей тамақтың шырышты қабығын тазалау, тітіркенуін басу және қорғау үшін емдік, профилактикалық және гигиеналық мақсаттарда қолданылады.

Спрей құрамына кіретін микроэлементтер тамақ шырышты қабығының ауру тудыратын бактериялар мен вирустарға төзімділігін күшейтеді, жергілікті иммунитетті арттыруға ықпал етеді.

АКВА МАРИС® СТРОНГ тамаққа арналған спрей келесі жағдайларда ұсынылады:

  • ЛОР – ағзалардың жедел инфекциялық ауруларының (фарингит, тонзиллит, аденоидит) профилактикасы үшін және кешенді емдеуде;
  • ЖРВЖ профилактикасы үшін және кешенді емдеуде (соның ішінде жүкті әйелдерге және лактация кезінде);
  • тамақтың созылмалы ауруларының (фарингит, тонзиллит) профилактикасы және емдеу үшін;
  • өзгерген микроклиматтық жағдайларда тамақ шырышты қабығының физиологиялық сипаттамаларын сақтап қалу мақсатында жұтқыншағының артқы қабырғасының шырышты қабығы құрғауынан зардап шегетін пациенттерге және ауасы кондиционирленетін және/немесе жылуы орталықтандырылған бөлмелерде тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға.

Қалай қолдануға болады:
Жергілікті.
Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға: тәулігіне 4 – 6 рет бүріккішті жұтқыншақтың артқы қабырғасына бағыттап тұрып 3 – 4 бүркуден.